Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Павлодарда жұмысшының үстіне балқытылған металл құйылып кетті

AstanaTV
09.06.2021ж. 20:00
1734
Павлодарда жұмысшының үстіне балқытылған металл құйылып кетті

Павлодардағы зауыттардың бірінді оқыс оқиға тіркелді. Жұмысшының үстіне балқытылған металл құйылып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне төгілген. Дереу ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Өйткені, денесінің 90 пайызы күйіп қалған. 32 жастағы марқұм зауытта металл кесуші болып жұмыс істепті.

Ербол САЙФУРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

8 маусымда сағат 23-те 1989 жылы туған «Кастинг» жауапгершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерімен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Қазіргі уақытта осы тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Ө. Қуанар