Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Оралда жүздеген отбасы жаңадан салынған үйіне кіре алмай жүр

AstanaTV
16.06.2021ж. 20:00
1618
Оралда жүздеген отбасы жаңадан салынған үйіне кіре алмай жүр

Оралда жүздеген отбасы жаңадан салынған үйіне кіре алмай жүр. Тұрғындардың сарсаңға түсуіне жер дауы себеп болып отыр. Өйткені осы маңдағы ет өңдейтін комбинат, көпқабатты үйдің құрылысына қарсы шыққан.  Кәсіпорынның иесі жаңадан салынған құрылыс өндірістік мекеменің санитарлық қорғаныс аумағына кіріп кетті деп сотқа шағымданыпты. Аралдағы даудың кесірінен, үш жүзге тарта отбасы жаңа баспанасына кіре алмай жүр. Арадағы дауға "Nur Otan" партиясы араласты. Партиялықтар дауласқан тараптарды бітімге шақырды.

Абзал ҚҰСПАН, ЗАҢГЕР:

Елдің де бір жағдайын ойлап, шын мәнінде кәдімгі мұқтаж жандардың жағдайын ойлап, бір ортақ шешімге келу керек деп ойлаймын «Кублей ЖШС». Біз мына жерде қазір «Кублейден» естігіміз келгені: Біз халыққа зиянымызды тигізбейміз. Халықты үйлерінен қуып шықпаймыз дегенді естігіміз келген. Бірақ біз оны ести алмадық.

Афиза СЕМҒАЛИЕВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ:

Тұрғындардың орнына өзімді қойып көретін болсам, өздерінің еңбектеніп тапқан баспанасына осындай құзырлы органдар мен жеке тараптардың келіспеушілігінен туындаған келеңсіз жағдайдан зардап шегетін тұрғын ретінде болсам, әрине бұл наразылық тудырады. Сондықтан да партиялық бақылау комиссиясының басты мақсаты – тұрғындардың көзқарасын қорғау, осы жердегі тұрғындар бастысы ешқандай зардап шекпеуі керек.

Е. Карин