Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордада жасөспірім қыздың денесі судан табылды

AstanaTV
21.06.2021ж. 20:00
1868
Қызылордада жасөспірім қыздың денесі судан табылды

Қызылордада екі тәуліктен бері іздестіріліп жатқан жасөспірім қыздың денесі қала іргесіндегі Шіркейлі каналынан табылды. 13 жастағы қыз үйінен жұма күні белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қарқынды іздеу жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар оның денесін жағаға алып шықты. Қазіргі таңда сот-сараптамасы тағайындалды. Сондай-ақ облыста кеше 8 жастағы бала суға кетті. Оның денесі әлі табылмай жатыр.

Асхат ТОҒЫЗБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
6 жасөспірім бірге барған. Алайда шешініп суға түседі. Сол суға түсу барысында оқушымыз суға ағып кетеді. Ол бойынша хабарламаны кеш береді. Соған байланысты бүгінгі түні 05:30-да таң ата біздің іздестіру-құтқару жұмыстары басталады. Қазіргі күнге дейін ешқандай нәтиже берген жоқ.

Төтеншеліктер соңғы уақытта оқушылардың суға кету дерегі көбейгендігін айтып дабыл қағуда. Жыл басынан бері аймақта 20 суға кету дерегі тіркелсе, соның 14-і бала.

М. Тоқтасынқызы