Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

СҚО Аралағаш ауылының жұрты құс фабрикасын салуға қарсы

AstanaTV
21.06.2021ж. 20:00
2100
СҚО Аралағаш ауылының жұрты құс фабрикасын салуға қарсы

Солтүстік Қазақстанда Аралағаш ауылының тұрғындары мен сол елдімекенде құрылысы жүріп жатқан құс фабрикасы басшылығының арасында дау туды. Жергілікті жұрт ірі кәсіпорынның зиратқа тым жақын салынып жатқанына наразы. Айтуларынша, жаңа нысан өкілдері санитарлық нормаларды елемей отыр. Сондай-ақ, құрылыс алаңы бейітке баратын жолды бөгеп тастаған. Инвесторларға бұл жерді кім берді? Құрылыс заңды ма? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин мәселенің ақ-қарасын білуге тырысты.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Ауылдан зиратқа баратын негізгі жолдың дәл үстінде құс фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Бұқара бейіт басында құран оқу үшін бүкіл қазықтарды айналып, батпақ жермен жүруге мәжбүр. Ал күзді күні жаңбыр молынан жауған кезде бұл аралық көлге айналып, жол мүлдем бөгеледі, дейді олар.

100-ге жуық түтіні бар Аралағаш жұртының құс фабрикасы басшылығымен дауласып келе жатқанына бірнеше ай болыпты. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, қыста инвестор тұрғындармен кездесіп, көпшіліктің қолдауына ие болған. Бірақ өндіріс орнының нақты қай жерде салынатынын белгілемеген. Құрылысшылар елдімекен шетіндегі қорымның дәл қасына нысанның қазығын қағып, қазу жұмыстарын бастаған кезде ауыл азаматтары бірден бас көтерген.

Жомарт СҰРАҒАНОВ, АРАЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол жерде бүкіл ата-бабаларымыз, әке-шешеміз жатыр. Біз сонда барып құран, дұға оқуға барып тұрамыз. Сонда адымдап санасақ, жай адымның ұзындығы 80 см ғана, сонда 120-ақ қадам санадық. Санитарный норма и правил заңы бойынша кез-келген мекеменің және зираттың қоршауының ара-қашықтығы 303 метр болуы керек екен кем дегенде. Себебі бұл санитарный зона екен.

Ербол ЫБЫРАЕВ, АРАЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 аудан әкіміне хат жаздық. Оған 65 адам қол қойып, оған жолдадық. Әкімнен хабар келген жоқ. Заң бойынша 300 метр аулақ болуы ккерек. Сол заңды орындасын. Сосын біздің зиратқа баратын жолымызды салып берсін.ҚАЗАҚША: аудан әкіміне хат жаздық. Оған 65 адам қол қойып, оған жолдадық. Әкімнен хабар келген жоқ. Заң бойынша 300 метр аулақ болуы ккерек. Сол заңды орындасын. Сосын біздің зиратқа баратын жолымызды салып берсін.

Инвестор халықпен бірнеше мәрте кездескен. Нәтижесінде кәсіпорын өкілдері жұрттың талап-арызының кейбірін орындауға келіскен. Мәселен, кәсіпкерлер ауылдан зиратқа дейінгі 2 шақырымдық жолға асфальт төсеп беруге дайын екенін жеткізді. Алайда, фабриканың қоршауын жылжытуға үзілді-кесілді қарсылық танытқан.

Талғат МАҚТАЕВ, ҚҰС ФАБРИКАСЫН САЛУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

әкімдік бізге жерді ақпан айында бөлді. Нысанның жобасы ресми экспертизадан өткен. Біз тұрғындардың өтінішіне құлақ түріп, өндірістік базаларды басқа жақта салып жатырмыз. Ал олардың сұрап отырған 300 метр жерінде ештеңе салынбайды. Тек темір торлы қоршау ғана тұрады. Егер біз фабриканы қоршамасақ, кейін жануарлар кәсіпорынның ішіне кіріп кетеді. Ертең құстардың түрлі вирустарды жұқтырмауына кім кепіл?

Ал билік өкілдері жер телімін бөлген кезде барлық санитарлық талаптардың сақталғанын айтады. Яғни, нысанды белгіленген қызыл сызықтың сыртына салуға рұқсат берген. Кәсіпорынның санитарлық зонаға қалай кіріп кеткенінен шенеуніктер де бейхабар.

Ермек СОПАЯҚОВ, СҚО АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

ауыл әкімінің шешімімен 52 гектарды құрайтын жер аумағы ақпан айында берілді. Ол жер 3 жылға жалға берілді. Мұсылмандардың зиратынан 250-300 метр қашықтықтағы аралықта бөлінді. Кәсіпорынның неге 120-150 метр жерде бой көтергенін мен түсіндіре алмаймын. Енді жобалық-сметалық құжаттарды тексеру керек.

Жақын күндері тексеріс басталады. Егер құжатта олқылықтар анықталса, билік тарапы оны жоюды талап ететіндерін жеткізді.

А. Курманкин