Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Жаңаөзенде қылмыскерлер қолынан қаза тапқан полицейлерге стелла орнатылды

AstanaTV
23.06.2021ж. 20:00
2165
Жаңаөзенде қылмыскерлер қолынан қаза тапқан полицейлерге стелла орнатылды

Жаңаөзенде қылмыскерлер қолынан қаза тапқан үш полицейге «Міндет, құрмет, ерлік» деген атпен стелла қойылды. Еске алу тақтайшалары полиция бөлімінің дәл жанына орнатылған.

Жаңаөзенде бұған дейін полицейлердің құрметіне стелла 60-шы жылдары қойылған. Бірақ ол ұзақ тұрмапты. Бірнеше жылдан кейін тас белгі қирап қалған. Ал бүгін полиция штабына кіре берісте қызметін орындау кезінде қаза тапқан сақшыларға жаңа еске алу тақтайшасы қойылды. Олардың барлығы қарулы қақтығыста көз жұмған.

Айдар ҚАСАНОВ, ЖАНАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Өсіп келе жатқан жастарға, қазіргі қызметтерін атқарып жатқан қызметкерлерге үлкен мұра болады деп ойлаймын.Жұмыстарына тек қана, осындай адалды, жұмысқа беріліп жұмыс істеуге стимул береді деп ойлаймын.

Ерлігі ел есінде қалған тәртіп сақшыларының қатарында - Дүйсенбай Бисекенов те бар.Ол - терористердің қолынан қаза тапқан полиция капитаны. Оның артында үш перзенті мен жары қалған.

Гүлшат ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, Д.БИСЕКЕНОВТЫҢ ЖАРЫ:

Адамгершілігі мол,сабырлы, балаларға да үлгілі сондай жақсы әке болды. Маған жақсы жолдас болды. Содан 2008-ге дейін ол кісі осы жерде жұмыс жасап, полиция капитанымен қаза таптығой ол. Менің үш балам бар, үлкен қызым әкесінің жолын қуды.Қазір осы мекемеде жұмыс жасайды.

Айдар ҚАСАНОВ, ЖАНАӨЗЕН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бисекенов Дүйсенбай ағамызбен қызметтес болдым.Содан кейін бірнеше рет Бейсекеев Дүйсенбай ол кезде Тенге кентінің полиция учасковойы еді.Бірге бірнеше рет шақырылымдарға бардық.Оқиға болған кезде шыққан кезде Бисекенов Дүйсенбайдың ақылдылығы мен іскерлігімен, өзінің қызмет ететін.

Шара соңында бірқатар полиция қызметкері марапатталды. Қызметтік борышын адал атқарғаны үшін ерекшеленген тәртіп сақшыларына алғыс хаттар табыс етілді.

А. Базарбай