Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қостанай іргесіндегі ауыл тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

AstanaTV
24.06.2021ж. 20:00
1609
Қостанай іргесіндегі ауыл тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Хабарымызды жалғастырамыз. Қостанай іргесіндегі ауыл тұрғындары 3 жылдан бері ауыз суға жарымай отыр. Әсіресе Заречный кенті мен Тобыл қаласында жағдай күрделі. Көпқабатты үйде тұратын көпшілік белгілі уақытта ғана берілетін су түкке жетпейтінін айтады. Ал жеке сектор тұрғындары су тапшы болғандықтан бау-бақша еге алмай отырмыз дейді.Заңғар Санайдың бейнематериалы.

Қала іргесіндегі қалың ел үш жылдан бері ауыз су тапшылығын көріп келеді.Әсіресе көпқабатты үйдің тұрғындары күндіз кір жуа алмай, түнде суға түсе алмай отырғанын айтады.

Ләззат БАҚЫТЖАНОВА, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір балалар бәрі далада ойнайды.Кешкісін жуындырайны десең.Сағат он бірден кейін су болады. Оннан кейін тіпті қысым жоқ. Ақырындаса душ істемей қалады.Су керек кезінде болмайды.

Алла КЛИМОВА, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

2-3 сағат су қосады.Сосын күні бойы болмайды.Кешкі сағат жетіден он жарымға дейін қосады.Су құйып алуға да үлгере алмаймыз. Сосын кір жууға, жуынуға да жетпей қалады.

8 мыңнан астам халқы бар Заречный кентіне су белгілі уақытта ғана беріледі. Су болмаған соң ауылдағы жұрт жөнді бау-бақша еге алмай, төрт түлікті дер кезінде суара алмай қиналып отырмыз дейді.

Жасұлан КӘКІМОВ, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ыдысың болмаса бау-бақша да еге алмайсың.Шомылатын да су болмайды.Моншаға керек.Суға түсетін су да керек. Сусыз қиын. Проблеманы шешу керек.

КТМ: Ауыл халқына тәулігіне 6 мың текше метр су керек. Қазір оның жартысы ғана беріледі. Түйткілді шешу үшін орталық магистральдан құбыр тарту көзделіп отыр дейді ауыл әкімі.

Нұрғиса ИСМАҒАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ЗАРЕЧНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қостанай аудандық әкімдігімен жобалық-сметалық құжат дайындалып.Мемлекеттік сараптамадан оң нәтижесін алып қазіргі таңда осы ағымдағы жылдың 15 маусымында конкурс жарияланды.Мердігер компания белгілі болғаннан кейін құрылыс басталады.

Қостанай іргесіндегі Тобыл шаһарының да жағдайы осындай. Көпшілік суға жарымай отыр.Аудан басшылары ауыз су мәселесі бір жылдың ішінде түбегейлі шешіледі деп сендірді. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

З. Санай