Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

AstanaTV
29.06.2021ж. 20:00
1143
Қызылордада көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Қызылордада «Астана» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Төтеншеліктердің мәліметінше, бесінші қабатта тұтанған от төменгі пәтерге дейін жеткен.  Үй тұрғындары газ балонын пайдаланатындықтан адамдар жарылыс бола ма деген үреймен бас сауғалап, жан-жаққа қашқан.

Ал көп қабатты үйді толық түтін басқандықтан, іште қалып қойғандар мамандардың көмегімен сыртқа  шығарылды. Көмірқышқылгазына уланған бір адам ауруханаға жеткізілді. 1961 жылы туған азаматтың жағдайы орташа дейді дәрігерлер.

Нұрбол ИСАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ КҮШТЕР МЕН ҚҰРАЛДАРДЫ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

11 адам қауіпті аймақтан құтқарылып, оның ішінде 5 бала. 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Және өрт ошағы орналасқан екі пәтерде және көршілес орналасқан пәтерлерден 11 дана газ балоны қауіпсіз жерге шығарылды.  

М. Тоқтасынқызы