Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Атақты америкалық режиссер Елбасы туралы фильм түсірді

AstanaTV
07.07.2021ж. 20:00
2108
Атақты америкалық режиссер Елбасы туралы фильм түсірді

Атақты америкалық режиссер, сценарист Оливер Стоун Елбасы туралы фильм түсірді. «QAZAQ: HISTORY OF THE GOLDEN MAN» деп аталатын жоба Нұрсұлтан Назарбаевпен болған сұхбатқа негізделген.  Жаңа туынды Showtime, HBO, Amazon және Netflix-те көрсетіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ  автор бұл  фильмді Канн кинофестивалінде жариялауды көздеп отыр.  Нұр-Сұлтанда деректі фильмнің алдын ала көрсетілімі ойдағыдай  өтті. Картинаны жасаушылар Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы фильм түсіру идеясы 2015 жылы туғанын жеткізді. Ал, жалпы дайындыққа 4 жыл, түсірілім жұмыстарына 2 жылға жуық уақыт кеткен.  

Ақан САТАЕВ, КИНОРЕЖИССЕР:

Шетелдік әріптестеріміздің туындысы керемет түсірілген. Қойылған сұрақтар мен жауаптардың сапасы шынайы. Менің ойымша, бір құнды дүние шыққан сияқты. Бұл Елбасының басқа да жаңа қырларын көрсетті деп айтсам артық болмас. Бұл өте үлкен жұмыс. Техникалық тұрғыдан да сапасы жоғары.

Жиында фильмнің продюсері Оскар сыйлығының иегері Оливер Стоун сөз сөйлеп, жұмыс барысындағы естеліктерімен бөлісті. Голливуд режиссері Елбасының көңілді, жақсы әзілдейтінін ерекше атап өтті. Туынды 8 сериядан тұрады. Автор соңғы бөлімге көптеген кадрлар сыймай қалғанын жеткізді. Болашақта сұхабаттың толық нұсқасы жеке кітап болып жарық көруі мүмкін.

А. Данияр