Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда тағы да жерасты суы көтеріліп кетті

AstanaTV
09.07.2021ж. 20:00
1811
Павлодарда тағы да жерасты суы көтеріліп кетті

Павлодарда апталап жауған жаңбыр салдарынан тағы да жерасты суы көтерілді. Тұрғын үйлердің жертөлесі суға толған. Тұрғындардың жан-айқайы тыңдаған тілшіміздің репортажы.

Монша болған. Сосын құлайын деп тұрған соң біз бұзып тастадық. Асты бәрі суға көтеріліп, содан бұздық шіріп кеткен барлық материалдар.

Көп балалы ана Әсемгүл Болатова жерасты суынан әбден мезі болған. Жертөле дымқыл болғандықтан, үйді көк шалыпты. Соның кесірінен жиі ауыратынын айтады. Мәселесін айтып бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған.

Әсемгүл БОЛАТОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы 3-4 жыл болды суды қайда жіберерімізді білмейміз. Бармаған жеріміз жоқ. Ойлағанбыз ана ішіндегі суды жауып берсе деп. Шіріп жатыр үйдің полы бәрі шіріп, үйдің іші бәрі сасып тұр сыростан көгеріп.

«Екінші Павлодар» аталып кеткен шағын аудан тұрғындарының жерасты суынан жапа шеккеніне 10 жылдан асты. Мұнда 800-ге жуық үй бар. Барлығының мәселесі ортақ.  Жергілікті биліктің әрекетінен де нәтиже жоқ. Жерасты суының қайдан келіп жатқанын ешкім таба алар емес.  

Майра ҚОЖАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көп мына үйлер қопсып жатыр. Енді халықтың бәрінің аварийный состояниеде үйлері. Сондықтан көмек керек. Енді біз бармаған жеріміз баспаған тауымыз жоқ.

5 жыл бұрын жерасты суын сорғызатын кәріз жүйесі тартылған. Алайда, оның өзі қосылмай жатып, істен шықты. Бұған қазынадан 520 млн теңге жұмсалған. Қомақты қаржы желге ұшты ма, ол жағы әлі күнге белгісіз.  Белгілісі, кәріз жүйесінің құрылысы бітер емес.

Салтанат ӘКІМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі таңда кәріз жүйесінің 1-ші және 2-ші кезеңдері бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Екінші Павлодар шағын ауданындағы 800 абоненттің 503-і «Павлодар су арнасы» мекемесіне қосылуға техникалық шарттар алды. 70 абонент кәріз желілеріне қосылған.

70 үй кәріз желісіне қосылғанмен, құбыр бітеліп қалған. Ал оның қашан қалпына келерін ешкім айта алар емес.  

Ө. Қуанар