Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда көпқабатты үй тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін

AstanaTV
23.07.2021ж. 20:00
1999
Павлодарда көпқабатты үй тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін

Павлодарда 1 жылдан бері жарыққа 1 тиын да төлей алмаған көпқабатты үй тұрғындары жарықсыз қалуы мүмкін. Бұған үйдің электр орталығына тіркелмеуі себеп. Өйткені әкімдік баспананы қабылдап алғанда жарық беретін мекемемен келісімге келмеген. Соның салдарынан тұрғындар жарық ақысын төлей алмай отыр. Ал бұған дейін электр энергиясының құнын әкімдік төлеп келіпті.

Советқазы НҰРСИЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жарық беретін компаниямен келісім шарт жоқ. 1 жыл болды. Тұрғындардың төлемейік деп отырған жоқ, төлейік дейді. Енді бір айдан кейін өшіреміз дейді. Бұл ешқандай заңға сәйкес келмейді.


Тұрғындар мәселесін айтып, талай есіктің табалдырығын тоздырған. Алайда, еш нәтиже жоқ. Құзырлы органдар бір-біріне сілтеп мардымды жауап    бермейді дейді.

Жарқынай ЖҰМАБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Осы электрді өшіріп тастайтын болса светті кім ол үшін жауап береді. Ертең Біздің 72 квартира бала-шағамыздың сондай жағдайы үшін  далада отырамыз ба әлде не істейміз. 21ғасырда барлығымыз электр қуатына қарап отырғандықтан, енді оның бәрін өшіріп тастайтын болса далада отырып, бұрынғыдай от жағып тамақ істейтін хәлге жеткізесіздер ме?

Ал қалалық әкімдік өкілдері бұл үй жарықтан ажыратылмайтын айтады. Жақында ғана электр орталығымен келісім шарттың уақытын ұзартқанын мәлімдеді.

Жансерік ҚАПЗОЛЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Электрмен жабдықтау желілерін уақытша пайдаланудан тұрақты пайдалануға қосу үшін "Коммунсервис" мекемесіне берілетін болады. Және аталған үйдің тұрғындары үйді электр қуатының қызметіне ақы төлеу үшін өздерінің дербес шоттарын аша алады.

Әкімдік бұл жұмыстардың барлығын 15- тамызға дейін аяқтаймыз – деп сендірді. Ал тұрғындар уәде орындалмаса, әкімдікті сотқа беруге бекініп отыр.

Ө. Қуанар