Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда 3 бірдей адам суға кетіп, мерт болды

AstanaTV
28.07.2021ж. 20:00
1119
Павлодарда 3 бірдей адам суға кетіп, мерт болды

Павлодарда суға кету оқиғалары жиілеген. Соңғы күндері 3 бірдей адамның ажалы судан болған. Қайтыс болғандардың бірі қайық аударылып көз жұмса, қалған екеуі "Ертіс" өзеніне суға шомылу кезінде батып кеткен. Марқұмдардың мәйітін сүңгуірлер алып шықты. Қайық аударылу салдарынан көз жұмған 17 жастағы бозбала пен 22 жас жігіттің мәйітін құтқарушылар 3 күн бойы іздеп әрең тапты. Ал үшінші адамның мәйіті Кенжекөл ауылының маңынан табылды.

Серік ШЕРИАЗДАНОВ, ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін таңғы 5-тің кезінде хабарлама келіп түсті. Кенжекөл ауылының маңайында 1999 жылы туған жігіт суға кетті деп. Оның да денесі бүгін сағат 10.45-те құтқарушылармен оқиға орнынан 30 метр жерде 10 метр тереңдікте мәйіт көтеріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.


Аймақта суға түсу маусымы басталғалы 18 адам судан ажал құшқан. Оның 5-і кәмелетке толмаған бала. Сондықтан, төтенше жағдайлар мамандары тұрғындарға тыйым салынған жерлерге шомылмауға, мас күйінде суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Ө. Қуанар