Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

AstanaTV
06.08.2021ж. 20:00
1588
Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Екі ел басшысы күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, жеткізілетін тауарлар түрін арттыруға, көлік-транзиттік әлеуетті кеңірек пайдалануға және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды күшейтуге ниетті екендерін жеткізді.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Түрікменстан – Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Ұзақмерзімді әрі стратегиялық сипаттағы ортақ жобаларымыз көп. Бұдан кейінгі келіссөздер барысында да екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға міндетті түрде баса мән береміз. Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Алдағы уақытта қол қойылатын келіссөздер мен келісімдер бауырлас елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін.


Л. Қуанышқызы