Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан мен Ресей әскери салада бірлескен өндірісті күшейтуі қажет - Назарбаев

AstanaTV
19.08.2021ж. 20:00
2030
Қазақстан мен Ресей әскери салада бірлескен өндірісті күшейтуі қажет - Назарбаев

Қазақстан мен Ресей әскери-өнеркәсіптік кешенде бірлескен өндірісті дамытуы керек. Бұл екі жақты ынтымақтастықты одан әрі арттыруға сеп болады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин тараптар қарым-қатынасын нығайтудың өзге де тетіктерін талқылады. Тұңғыш Президент Өзбекстан мен Тәжікстанды Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелігіне тарту қажеттігін атап өтті. Осылайша одақтың мүмкіншілігін кеңейте аламыз дейді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Көршілес елдердің одаққа қосылуын ұсынамын. Түркменстанмен де келіссөздер жүргізу қажет. Қазір біз күрделі кезеңде тұрмыз. Қазақстан мен Ресей коронавирустың таралуына, оның экономикаға әсерін тигізетін зардаптарына байланысты қиындықтарды бірлесіп еңсеруде. Мен Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы барлық басқа мемлекеттер үшін үлгі деп санаймын.


Ғ.Өтемісов