Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Екпе алған115 адам көз жұмды

AstanaTV
20.08.2021ж. 20:00
1450
Екпе алған115 адам көз жұмды

Вакцинадан алған 115 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Екпе алғаннан кейін көз жұмғандардың созылмалы ауруы болған.  Мұндай жағдай әсіресе  Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында көп тіркелген.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

2021 жылдың ақпаны мен шілдесіне дейінгі кезеңді сараптадық. Коронавирустан барлығы 4 969 адам қайтыс болды. Оның 115-і вакцина салдырған. Яғни, бұл - қайтыс болғандардың 2,3 пайызы. Ал қалған бөлігі, яғни, 97,7 пайызы вакцина салдырмаған тұрғындар. Екпе алып, кейін қайтыс болған адамдардың созылмалы аурулары болды. Жағдайы нашарлап, қайтыс болуына осы   себеп болды

Вакцинация төлқұжатын сататындар да әлі тыйылар емес. Бүгін елордада ақшаға құжат жасап беремін деген күдікті құрықталды.  Қылмыстық іс қозғалып,  құжат алмақ болғандар қазір анықталып жатыр.

А.Базарбай