Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда 3 баласы бар отбасы далада қалды

AstanaTV
10.09.2021ж. 20:00
1466
Павлодарда 3 баласы бар отбасы далада қалды

Павлодарда 3 баласы бар отбасы далада қалды. Жалдап тұрған баспаналарының төбесі құлап кеткен. Басқа барар жері болмағандықтан енді олар аулада  тұрып жатыр. Үйді қалпына келтіруге шамалары жетпейді. Отағасы еңбекке жарамайды. Ал отанасы -жұмыссыз. Күздің қара суығында шиттей бала-шағамен үйсіз-күйсіз  қалған қалған отбасының жағдайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Амалы таусылған отбасы далада қонуға мәжбүр. Өйткені басқа барар жері қалмаған. Мына аядай жерде тұрып жатыр.


Бұл отбасының далада қалғанына 1 айға жуықтаған.  Тек мүгедек балаларының жәрдемақысымен   күн көріп отырған отбасының  үйді   жөндеуге мүмкіндігі жоқ.
   
Олеся ХЛЕБНИКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Егер жаңбыр жауса, төбемізден су ағайын деп тұр. Жаңбыр жаумаса екен деп тілейміз. Балалар суықтан ауырып жатыр. Жағдайымыз қиын болып тұр. Төбесі құлаған жерді шамамыз келгенше, жөндеп жатырмыз. Бірақ, құрылыс материалын алатын қаражатымыз жоқ. Сондықтан, қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүрмін. Алда қыс келе жатыр. Не істерімізді білмеймін.


Тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыға қылмыстық атқару жүйесінің мамандары көмек қолын созып,  керекті материалдардың бір бөлігін жеткізіп берген.   Бірақ, үйді толық жөндеу үшін  қомақты қаражат керек – дейді.   

Сұлтан БАКИН, АП 162/2 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Аталған отбасы туралы әлеуметтік желіден естіп білдік. Сосын кеше келіп, қандай көмек керек екенін білдік. Мүмкіндігімізше құрылыс материалдарын, азық-түлік әкеліп бердік. Үйдің отағасы үйін жөндеп жатыр екен. Біз әкелген материалдар бір қажетіне жарайды деген ойдамыз.

 
Хлебниковтер отбасы  тұрғын үй кезегінде тұр. Бірақ баспанаға қашан қол жеткізетіні белгісіз.   
 
Болатхан КАПСЛЯМОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Олеся Хлебникова 2020 жылдың 26 маусымынан бастап, үйдің кезегінде тұр. Қазіргі уақытта ол кісінің реттік кезегі 32 болып тіркелген.  Мүгедек бала асырап отырған отбасы ретінде ҚР заңнамасына сәйкес үйді кезекпен алатын болады.


Сондықтан Хлебниковтер  отбасы қайырымды жандар көмек қолын созса  дейді.  Қолдау көрсетем деушілер болса,  арнамызға хабарласуын сұраймыз.


Ө. Қуанар