Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

СҚО жеңіл көлік бір отар қойды қағып кетті

AstanaTV
28.09.2021ж. 17:33
922
СҚО  жеңіл көлік бір отар қойды қағып кетті

Солтүстік Қазақстанда жеңіл көлік бір отар қойды қағып кетті.  Ірі жол көлік апатының бейнежазбасы   әлеуметтік желіде тарады.  

Оқиға Есіл ауданында тапа тал түсте болған. Daewoo маркалы көлікпен   келе жатқан жүргізуші жол белгілеріне мән бермесе керек. Осының кесірінен  14 қойды басып кетті.  Қатты соққы алған түліктер арам өлді.  Сараптама нәтижесінде 51 жастағы жүргізушінің ішімдік ішпегені, ақыл есінің дұрыстығы  анықталды.  Іс сотқа жолданды.  

Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:


Аталған жол көлік фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жиналып, кімнің кінәлі екенін анықтау үшін сотқа жолданды.

А. Құрманкин