Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қ.Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

AstanaTV
05.10.2021ж. 20:00
1187
Қ.Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда да Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор және Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаламен кездесуде аймақтық қауіпсіздік мәселелері сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты. Делегация мүшелері болса, БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі Миссиясының офисін Алматыға орналастыру және ауған студенттеріне көмек көрсету туралы Қазақстан Президентінің шешімін ерекше атап өтті.

Т. Оспанбаева