Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістан облысында "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының 20 пайыздан астамы орындалды

AstanaTV
11.10.2021ж. 20:00
1074
Түркістан облысында "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының 20 пайыздан астамы орындалды

Түркістан облысында "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының 20 пайыздан астамы орындалды. 2025 жылға дейін өңірде тағы екі мыңға таяу жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ол бірнеше жыл бұрын Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімін тілге тиек етті. Ел үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін тарихи оқиға болғанын атап өтті. Бауыржан Байбек, Түркістандағы орталық қалалық ауруханаға ат басын бұрды. Нысан "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасы аясында тұрғызылған. Облыста алдағы уақытта да бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтермек. Оның ішінде 66 денсаулық сақтау нысаны бар. Партия Төрағасының Бірінші орынбасарының айтуынша, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге көбейіп, кемінде 550 мың теңге болады. Ал, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы кемінде 190 мың теңгені құрамақ.  

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі мақсат Елбасы, біздің Президентіміз айтқандай, қазір осы адами капиталды дамыту керек. Сондықтан, жалақыны көтеру керек, жағдай жасалынуы керек. Осындай нысандар болуы керек. Қазірдің өзінде 25 пайыз осы жылы орташа алғанда өсіп жатыр. "Nur Otan" партиясы жалпы сөзбен ештеңе айтпайды, нақты көрсеттік. Нақты бес жылда міне, осы қиыншылыққа қарамастан орындаймыз.

Марал БЕКЖАН, ТҮРКІСТАН қ. ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ КАРДИОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:

Үздіксіз білім алып, дәрігер-кардиолог мамандығын игеріп қайта оралдым осында. Жас мамандардың тың көзқарасы керемет үйлесімділікпен ұштасып осында ауруханамыздың тек қана өзінің деңгейі ғана емес дәрігерлердің көрсететін қызмет сапасы арта түседі деп ойлаймын.

Бұдан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясында өңірде 364 мың шаршы метр тұрғын үй, 15 жаңа мектеп және 8 мәдени нысан салынды. 717 елді-мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұдан бөлек аймақтағы тағы 65 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек. Бауыржан Байбек голливудтық «Disney» кинокомпаниясының қазақ тілінде дубляждалған «Жан» мультфильмінің қайырымдылық көрсетіліміне барды. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, «Бақытты отбасы» жобасы аясында партия дарынды балаларды анықтау және қолдау жұмыстарын күшейтеді. Спорттық секциялар мен балалар үйірмелері ашылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету мақсатында бүкіл ел бойынша 234 арнайы орталық тұсауын кеседі. Түркістан облысына сапар барысында Бауыржан Байбек «Jastar-Otanga!» халықаралық жастар форумының қатысушыларымен де кездесті. Билік партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары бүгінде әрбір үшінші қазақстандық 30 жасқа толмағанын айтады. Елбасының тапсырмасы бойынша бекітілген 20% квотаның арқасында партиялық тізімдерде 600-ден астам депутаттан тұратын Мәжілістің және мәслихаттардың жас депутаттарының корпусы құрылды. 2025 жылға дейін жастарды жүйелі және жан -жақты қолдау көрсету үшін "Жастар - Отанға!" бағдарламасы партияның ерекше бақылауында болады.

А. Данияр