Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада күш атасы Қажымұқанға ескерткіш-мүсін қойылды

AstanaTV
18.10.2021ж. 20:00
2717
Елордада күш атасы Қажымұқанға ескерткіш-мүсін қойылды

Биыл күш атасы Қажымұқанға -150 жыл. Осыған орай Елордада палуанның ескерткіш-мүсіні қойылды. Сондай-ақ "Жас Батыр" спорт кешеніне "Қажымұқанның" аты берілді. Айта кетейік, бұл қазақ халқының тарихындағы кәсіпқой балуанға арналған тұңғыш ескерткіш.

Балуанның тас мүсіні Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық мектеп-интернат-колледжі алаңында бой көтерді. Оның ашылу салтанаттына бірқатар спорт және қоғам қайраткерлері келді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, грек-рим күресінен екі дүркін Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов қатысты.  Министр, балуанның мерейтойына барлық өңір бір кісідей жұмылып, ерекше атсалысып жатқанын атап өтті.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Облыстардың деңгейінде, республикалық деңгейде әртүрлі күш жұлдыздарының, күрес жұлдыздарының сайыстары болып жатыр. Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер "Қажымұқан" атты фильм түсіріліп, бүгінгі күнде керемет осындай ескерткіш дайындалды.

Ескерткіштің биіктігі 6 метрге жуықтайды. Яғни тұғыры 2, метрден асса, мүсіннің өзі 3,5 метр. Ескерткіш авторлары — Жалын Бауырқан пен Болатбек Салаев.

Бақытбек СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ұлығыңды емес, ұлтын ойлайтын. Руын емес рухын ойлайтын десе халықтың нағыз рухы осы батыр біздің балуанымыз Қажымұқанда. Сондықтан да бүгін ерекше, әсіресе астананың төрінде бой көтеруі. Бұл тек қана бойын көтеріп қалған жоқ. Әрбір Отанын сүйген азаматтың ойында көтерді, рухын көтерді.

Тарихи сәтке балуанның немересі арнайы шақыртылған. Ол бұл шараларды атасына жасалған құрмет деп қабылдайтынын айтты.

Бақытжан ҚАЖЫМҰҚАНОВ, Қ.МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕСІ:

Қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының немересімін. Нұр-Сұлтанда атамыздың 150 жылдығына бюст ашылып отыр. Бұл бас қаладағы палуанға арналған бірден-бір ескерткіш. Мынау спорт кешеніне де Қажымұқан есімін беріп отыр екен. Мені бүгін арнайы шақырды. Барлығына алғысым шексіз.


Балуанның 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі шаралар жалғасады дейді - жауаптылар

Б. Сатуов