Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

AstanaTV
29.10.2021ж. 20:00
1650
Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті.  Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары бауырлас елдердің арасындағы достықтың нығайып келе жатқанына жоғары баға берді. Сондай-ақ, тараптар  халықаралық өзекті мәселелерге қатысты пікірлесті.   Елбасы тақ мұрагеріне «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» табыстады.  Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын елдің құрылғанына 50 жыл толған мерейлі мерекемен  құттықтады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Бұл жолғы келгенім келе жатқан Араб Эмираттарының 50 жылдық мерейтойымен құттықтау. Елу жылдың ішінде ғаламат табыстарға жеттіңіз. Көп жұмыс істеп жатырсыз. Қанша гуманитарлық көмек жасап жатырсыз елдерге. Еліміз жайнай берсін, ары қарай дами берсін.  


А. Данияр