Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
01.11.2021ж. 20:00
1583
Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұрыңғы Туризм және спорт министрі, Ұлттық Олимпиада комитетінің экс-президенті Темірхан Досмұхамбетов өмірден озды. Елбасы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Темірхан Мыңайдарұлы саналы ғұмырын ел игілігі жолында қызмет етуге арнап, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына зор үлес қосқан тұлға еді. Ол бірқатар жоғары лауазымдарда абыройлы жұмыс атқарып, туризм және спорт, заң шығару салаларының дамуына, елордамыздың көркеюіне бар қажыр-қайратын жұмсады. Білікті басшы, пайым-парасаты биік азамат ретінде әрдайым еселі еңбек етіп, көпшіліктің ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді», – делінген Елбасының жеделхатында.

Д. Жарқынбек