Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарлықтар әлі күнге дейін көмірге жарымай отыр

AstanaTV
09.11.2021ж. 20:00
1095
Қызылжарлықтар әлі күнге дейін көмірге жарымай отыр

Қызылжарлықтар  әлі күнге дейін көмірге жарымай отыр. Күн суытқан сайын мәселе ушығып барады. Облыс орталығындағы көмір сататын теміржол бекеттерінің жартысы бос тұр. Кейбіреулерінде   отын тек қаппен ғана сатылып жатыр. Қалаға жеткізілген көмірді жұрт лез де талап әкетіп жатқан көрінеді. Сондықтан  тұрғындар таңнан  бастап  кезекке тұруға мәжбүр.

Надежда ТИМОШКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен таңертеңнен бері кезекте тұрмын.  Бос жүк көлігін әрең   таптым. 4 сағат күтуге тура келді. Оның алдында 3 апта бойы жүк көліктермін телефонмен хабарласып, тасып алғым келді. Бірақ ол болмады.

Жоғары  сұранысқа ие Шұбаркөл көмірін жұрт аңдып, күтіп отыратынын айтады. Бүгін келген 7 вагон 4 сағаттың ішінде түгел сатылып кеткен. Жауапты кәсіпорын өкілдері көмір дефицитін вагон тапшылығымен түсіндіреді.

Мұратхан ТҰРМҰХАМБЕТОВ, КӨМІР САТУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Жеткізушілер көмірдің қажет көлемін беруге дайын, бірақ вагон жетіспегендіктен осылай перебоймен келіп жатыр. В основном осы қыркүйек, қазан, қараша айында ғана тапшылық. Жаздың күні халық алмайды. Осында көлік айналатын жер болған жоқ, көмір түсіріп жатқанда. Жазда ешкім алмайды. Осылай қыс тақалғанда бәрі жанталасып жатады.


А. Құрманкин