Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президент Елорда әкіміне бірқатар тапсырма берді

AstanaTV
24.11.2021ж. 20:00
1236
Президент Елорда әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Нұр-Сұлтан қаласының  әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Әкім Президентке Елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық мәселелері бойынша есеп берді.  Көлгіновтің  айтуынша, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспана, білім беру ошақтары мен басқа да әлеуметтік нысандар саны рекордтық деңгейге жеткен. Кездесу барысында Мемлекет басшысына эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары және Елордада жүргізіліп жатқан вакциналау жұмыстары туралы да мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда әкіміне қаланы одан әрі дамыту жөнінде тағы бірқатар тапсырма берді.

А. Базарбай