Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елбасы белгілі пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті

AstanaTV
13.12.2021ж. 20:00
1295
Елбасы белгілі пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, сондай-ақ, пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті. Спортшы Елбасына өзінің асқақ арманын орындағаны үшін алғыс айтты. Еске сала кетейік, Мария Әуезова екі аяғы болмаса да Эверест базалық лагерін бағындырған  әлем бойынша алғашқы әйел. Ол осы жылдың сәуірінде бес жарым мың биіктіктегі Кала-Патхар тауына шықты. Эверестті бағындырған альпинистің әрекетіне сүйсінген Елбасы Қазақстан халы ассамблеясының 29-сессиясында спортшыға  протез сатып алуға көмектесетінін айтқан болатын.  Нұрсұлтан Назарбаев қоры оған бионика протездерін сыйға тартты.Спортшы  мамандардың бақылауымен бейімделу курсынан да өткен.Тұңғыш Президент кездесуде мүмкіндігі шектеулі болса да Эверест шыңын бағындыруға батылдық танытқан спортшының табандылығын атап өтті.

Б. Сатуов