Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістанда дәрігерлер 21 жастағы келіншектің жатырын алып тастаған

AstanaTV
24.01.2022ж. 20:00
5379
Түркістанда дәрігерлер 21 жастағы келіншектің жатырын алып тастаған

Түркістанда дәрігерлер 21 жастағы келіншектің жатырын алып тастаған. Жәбірленушінің айтуынша, жүктіліктің 28-ші аптасында  ол кесарь тілігі әдісімен босанған.  Жатыры алынғанын содан кейін ғана біліпті.  "Маған ескерткен жоқ" дейді.  Ал дәрігерлер "жатырды алып тастау- дұрыс қабылданған шешім" екенін айтады.  Толығырақ әріптесім Динара Жарқынбек тарқатады.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Тұңғышына аяғы ауыр Аида есімді келіншек  толғағы келіп, № 3 облыстық перинаталдық орталығына жеткізілген. Жас келіншек  өздігінен босана алмайтын болған соң, дәрігерлер оны кесарь тілігі арқылы босандырып алыпты. Жас ана жүктіліктің 28-ші аптасында ұл баланы дүниеге әкеледі. Дәрігерлер шала туған шақалақтың  жағдайы ауыр депті.

Аиданың анасының айтуынша, азанда 9-да басталған операция кешкі 4-те бір-ақ біткен.  Дәрігерлер оның жатырын алып тастағанын хабарлапты.  "Мұны бізге ескертпей, рұқсатсыз жасады" дейді. Оны естіген қызының әлі ес жия алмай отырғанын айтады.

Гүлжаһан БОЖБАНБАЕВА, НАУҚАСТЫҢ АНАСЫ:

Бұл вообще келешегінде мүлдем мүгедек болып тұр ғой. Болашағын бәрін құртып отыр. Іштент тынып өледі ғой бұл қыз. Ертен бір отбасын ойран қылады бұла. Ол больницаның түгі де кетпейді. Мын жерде қыз қиналады. Қыздың жзатырын рұқсатсыз алғандары үшін мен до конца барам.

Облыстық перзентхана бас дәрігерінің айтуынша,  науқас перзентханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Жас ананың аспирациялық пневмония, суық тию аурулары, тұмау және 3-ші дәрежелі семіздік диагноздары болған. Және оған дейін келіншекке мүлде бала көтеруге болмайтыны туралы кеңес берілген  дейді.   Сондай-ақ, жүкті әйел  орталыққа жетем дегенше,   баланың жолдасы уақытынан бұрын ажырап кеткен.  Қайта күрделі операция сәтті өтіп, ананың да, баланың да өмірі құтқарылғанын айтады.

Нұржан МАХМҰТОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
 
Бұл келіншекке мүлде бала көтеруге болмайды. Болмайды десе де жүкті болып, бала өскенше жүре берген. Мұндай жағдайға қалай жеткенін білмеймін.  Ауыр жағдайда бізге жеткізілді. Қазір енді шу болып жатыр. Адамдар әрине түсінбейді. Бірақ менің дәрігерлерімнің тарапынан ешқандай кінә жоқ. Оның тірі қалғанына шүкір.


Науқастың анасының айтуынша,  қызына бала көтеруге болмайтыны   жүктіліктің 4,5-5 айында айтылған.    Мұны да  дәрігерлердің салғырттығына балайды.

Динара ЖАРҚЫНБЕК, ТІЛШІ:

Қазір  жас ана ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер денсаулығы тұрақталғанын айтты. Шақалақтың да адам болып кетуіне мамандар бар күшті салып жатқанын жеткізді. Ал қызының өмір бойы мүгедек болып қалғанына, енді сәби сүйе алмайтынына ашынған ана кінәлілерді жазалау үшін соңына дейін күресем дейді.    

Д. Жарқынбек