Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қ.Тоқаев апта соңына қарай Қытайға жұмыс сапармен барады

AstanaTV
31.01.2022ж. 20:00
1155
Қ.Тоқаев апта соңына қарай Қытайға жұмыс сапармен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, апта соңына қарай Пекинге жұмыс сапармен баратын болды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, ақпанның 4-5 күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар сапар аясында екеуара кездесу де жоспарланып отыр. Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпияда ойындарына, Қазақстан намысын қорғауға 34 спортшымыз бақ сынамақ.