Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылорда да бүлдіршіннің асқазанынан 1 келі шаш шықты

AstanaTV
04.02.2022ж. 20:00
2798
Қызылорда да бүлдіршіннің асқазанынан 1 келі шаш шықты

Қызылордада 4 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келі, ұзындығы 34 см болатын шаш шықты. Бүлдіршін ішінің ауырғанына шағымданған. Анасы қызының құсып, асқа тәбетінің болмай жүргеніне алаңдап, дәрігерге апарған. Медициналық мексеріс барысында, ішінде бөгде заттың бары анықталып, жедел ота жасалған. Дәрігерлер мұндай жағдай соңғы кезде жиі кездесетінін айтты.  Былтыр күздеде дәл осындай оқиға орын алған. Мамандар бұл қан аздықтан, яғни анемиядан болады деп отыр. Сонымен қатар әр нәрсені ауызға салу да зиянды екенін ескертті.

Әлімжан ТӨЛЕГЕНОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Анасының айтуы бойынша 1 жасынан бастап шаш жей бастаған. Тәбеті өзгере бастаған. Бұл енді анемияға байланысты болып тұр. Бала кейіннен жақсы болып кетеді. Әрі қарай шаш жемейді. Анамиясын емдесе балалар әрі қарай қалыпты өмір сүріп кете береді.


М. Тоқтасынқызы