Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда үйін су басып қалған көпбалалы ана қалалық су арнасын сотқа берді

AstanaTV
09.02.2022ж. 20:00
1107
Павлодарда үйін су басып қалған көпбалалы ана қалалық су арнасын сотқа берді

Павлодарда үйін су басып қалған көпбалалы отбасы қалалық су арнасын сотқа берді. Оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Шаһарда су құбырларының бірі жарылып, бүтін бір баспана мен қора қопсысы су астында қалды. Үй жарамсыз күйге түсіп, көпбалалы ана 4 бүлдіршінімен бірге пәтер жалдауға мәжбүр болды. Алайда, су арнасының өкілдері жағдайды өз көздерімен көріп білсе де, олардың үйін қалпына келтіріп беруден бас тартқан. Амалы таусылған ана, арнамыздан араша сұрайды.

Бұл көріністі өткен жылы, апат орын алғанда түсірген. Үйдің айналасы малмаңдай су.

Фундаменттің астына су кіргені салдарынан үйдің дөдегелерінің бәрі суланып, көріп тұрғандарыңыздай шткатуралары түсіп жатыр. Үйдің ішінде ылғалдылық жоғары болып, балалардың бәрінің денсаулығына қауіп төнді.

Баспананың іші көгеріп кеткендіктен, отбасы көшуге мәжбүр болған. Қазір отбасы 4 баласымен пәтер жалдап жүр. Ал өздері салып алған жалғыз баспанасы тұруға жарамсыз болып қалды.

Нұржан КӘМЕСХАНҚЫЗЫ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйді күнде күнде барып бақылап қарап отырмын. Үйдің күненнен күнге іргесінің сөгілуі қабырғасының жарылуы фундаменттің отыруы байқалады қазірдің өзінде. Ал көктемде қар еріп, мұздың бәрі еріп, су деңгейі көтерілгенде тіпті жағдай қиын болады. Әуелі бұл үй тұруға жарай ма, жарамай ма бұның өзі үлкен сұрақ болып тұр. Сонда мен үйсіз қалып тұрмын.

Көпбалалы ананың айтуынша, қалалық су арнасы жарылған құбырды жамаудың орнына, оның баспанасына айнала бөгет тұрғызған. Құбырдан шыққан суға ол бөгет бола қоймаған. 15 күндей тоқтаусыз аққан құбыр суы үй мен қора-қопсының ішін суғап толтырған.

Судың келу қарқыны өте жоғары болғандықтан, су шайып кетті да, су мына жерге дейін келді. Су үйдің іргесіне дейін келіп, мына жерге де бөгет салды. Алайда оған да төтеп бермей үйдің іргесінен су кірді. Шыны керек, бала-шағамен түнде ұйықтағанда қорықтым кәдімгідей. Себебі, судың қатты қарқынынан үй құлап кете ме әлде шайып кете ме деп. Өте қиын жағдайда өмір сүрдік.
 
Ал заңгер су арнасы заң талаптарын бұзғанын айтады. Яғни, заң бойынша біреудің мүлкіне зиян келтірген тұлға оны өтеп беруге міндетті - деп отыр.

Әділет РЕЗУАНОВ, ЗАҢГЕР:


Біз көпбалалы ананың заңды талабын жеткізу үшін сотқа жүгіндік. Сотта келтірілген материалдық шығынан бөлек, моральдік шығынды да талап ететін боламыз. Өйткені, қыс ішінде 4 баламен көшуге мәжбүр болды.

Қалалық су арнасы болса, сот шешімін күтетін жеткізді. Десе де, жауапгершіліктен қашпаймыз – деп отыр.

Дмитрий БАШКИРОВ, «ПАВЛОДАР» СУ АРНАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ:

Бізде бір уақытта екі бірдей құбыр жарылып, үлкен апат болды. Сондықтан да біз суды дер кезінде өшіре алмадық. Өйткені, суды тоқтатып тастайтын болсақ, қаладағы екі ірі зауыт пен жылу орталығының жұмысы тоқтап қалады. Яғни, қала жылусыз қалу қаупі төнді. Сол себепті біз үйді су алып кетпес үшін арнайы бөгет жасадық.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Көпбалалы отбасының мәселесін енді сот шешетін болады. Әзірге соттың қандай шешім шығарары белгісіз. Біз бұл проблеманы бақылауда ұстайтын боламыз.

Ө. Қуанар