Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

AstanaTV
09.03.2022ж. 20:00
1220
Мемлекет басшысы  Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Президентке Жоғары сот кеңесінің төрағасы былтырғы атқарылған жұмыстар бойынша  есеп берді. Сондай-ақ алдағы уақытта, судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттелетінін айтты. Биыл салалық мамандар үшін облыстық соттардағы судья лауазымына арнайы конкурс өткізу жоспарланып отыр.

Ә. Дүкембаева