Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеден ұшатын барлық рейс түнгі мезгілге ауыстырылады

AstanaTV
11.03.2022ж. 20:00
1813
Ақтөбеден ұшатын барлық рейс түнгі мезгілге ауыстырылады

Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды. Бірақ қаладан және қалаға ұшатын ұшақ билеттерін қайтарудың қажеті жоқ. Барлық рейс түнгі мезгілде орындалады. Бұл туралы Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың директоры Дастан Малиев хабарлады. Оның айтуынша, ұшу-қону жолағының жарамсыз жерлерін жөндеу жұмыстары күндіз жүргізіледі. Жөндеу наурыздың 16-да бітеді деп жоспарланып отыр.  

Дастан МАЛИЕВ, Ә.МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін аэропорт ремонтқа жабылып тұр ғой, сондықтан рейстер түнге қарай ауыстырылып жатыр. Олар просто расписаниесі өзгереді, сол билеттермен ұша береді.

Г. Сейтенова