Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Үй бағасының шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды»-, Т. Ерғалиев

AstanaTV
15.03.2022ж. 20:00
2217
«Үй бағасының шаршы метрі 400 мың теңгеден кем болмайды»-, Т. Ерғалиев

Елде үй бағасының шаршы метрі - 400 теңге болады деп болжануда. Бұл туралы Құрылысшылар Одағы төрағасы Талғат Ерғалиев мәлімдеді. Айтуынша, құрылыс материалдары қымбаттауының екінші толқыны басталды. Бұған Ресейге салынған санкция әсер етуде деп топшылайды. Толығырақ әріптесімінің репортажында

Құрылыс базарындағы саудагерлерден де маза қашқан. Баға күн сайын құбылып жатқанына шағымданды. Базарда адам қарасы қалың. Бірақ саудагерлер сауда жоқ дейді. Олар бағаның көтерілуін доллармен байланыстырып отыр. Шетелден қымбат келген тауардың үстінен 400 теңгедей қосуға мәжбүр.

Арайбек, САТУШЫ:

Мына енді доллар қымбаттап кетті дейді ғой, галтельда қымбаттап жатыр. Алдын бір 300-400 теңге арзан келетін, қазір 500 теңгеге қымбат келіп жатыр. Оған адамдарда сенбейді ғой. Доллар қымбаттады да, үстіне 500 қосылады деп. Бұрын 1400 теңгеге келсе, қазір 2100-ден.


Құрылысшылар одағының өкілдері де құрылысқа қажетті заттардың бағасы қолжетімді баспана құнына да әсер ететінін айтып дабыл қақты. Енді аталған санаттағы тұрғын үйдің шаршы метрі - 400 мың теңге болуы мүмкін деп болжайды. Олардың айтуынша, Ресейге қарсы салынған санкциялар бағаға қысым жасап, құрылыс материалдарының одан сайын аспандауына әкеліп соқты. Енді олар мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары қажет екенін айтады.  

Талғат ЕРҒАЛИЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ» ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мен сендерге айтайын, биыл айттым, былтыр айттым, ай сайын пәтерлердің бағасы қымбаттап жатыр. 1 ай бұрын 320 мың болған, қазір 390 теңге, келешекте 400 мыңнан кем  болмайды. Қолжетімді баспананы айтып жатырмын, 1-2 класс баспанасы туралы айтып жатқан жоқпыз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, саладағы жағдайды түсіну үшін елдегі құрылыс материалдарының тауарлық матрицасын қарастыру жеткілікті. Отқа төзімді цементтер мен ерітінділер өндірісі жолға қойылып, қажетті өндірістің 70,1%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бетон бұйымдары (98,1%), портландцемент (86,8%), ерітінділер (99,8%), лак-бояу (66%) өнімдері шығарылады. Алайда қазақстандық тауарлар құрамына импорттық қоспалар қажет. Мысалы, ерітінділер мен бояуларға қажетті химиялық заттар елде өндірілмейді, көбінесе Германия, Англия, Франциядан жеткізіледі.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев, бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін жинау үшін жедел штаб құрылғанын айтты. Өйткені мәселе ұшығып келеді.

Бейсен ЖОЛБОЛДИЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Доллар қазір неше пайызға өсті, 80 теңгенің төңірегінде қосып отыр. Бұл енді тек қана 80 теңгенің төңірегінде ғана емес, қосымша шетелден доллармен алынады ғой немесе шетелдік валюталармен. Ол кезде олардың тасымалдары бар. Кедендік шығындары бар, солардың бәрін есептесек, одан кейін логистика мәселесі. Логистиканың өзі бұрын тікелей болса, қазір көбісі айналымды жолдармен келеді. Осылардың бәрі қосымша құн салығына қосылады.

Қауымдастықтың есебінше, құрылысқа қажет материалдар мен құрал-жабдықтардың 60 проценті шетелден келеді. Елде тек бетон, кірпіш қана шығады. Ал жоғары технологиялы материалдар жоқтың қасы дейді мамандар. Сорақысы сол жағдай реттелмесе, 30 мыңнан астам  құрылысшы жұмысынан айырылып, 600-ден астам құрылысқа қаржы табылмай қалуы мүмкін.    

Ә. Дүкембаева