Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

100 мыңнан астам студент оқудан шығарылды

AstanaTV
04.04.2022ж. 20:00
1741
100 мыңнан астам студент оқудан шығарылды

112 мыңнан астам студент оқудан шығарылған. Бұлардың арасында оқу ақысын төлей алмай шығып қалғандары да баршылық. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі осындай деректі жариялады. Жалпы ел аумағында 130-ға жуық жоғарғы оқу орыны бар. Ондағы студенттердің басым бөлігі оқу ақысын төлеу, тіпті жүріп-тұру мен тамағы үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Әріптесім Әсел Дүкембаева студенттермен тілдесіп келді.

Оқудан шығып қалған 112 мыңнан астам студенттің, арасында қаржысын төлей алмай қалғандары да аз емес. Мәселен 100 студенттің 13-і қаржылық қиындықтарға байланысты оқудан кеткен. Бүгінде осы қиындықты еңсеру үшін, сабақтан тыс уақытта ақша табу жастар үшін үйреншікті жайтқа айналды.

БЛИЦ:

- Ветернарный санитария 4-курста оқимын, гостиница администраторымын. По своем ходом ғой, үйдің ақшасына қарамайсың.
              
- Стипендия жоғары болатын болса, жұмыс істемеуге болады. Барлығы жұмыс істейді. Өмір сүру үшін, шамалы қаражат керек.

- На первом курсе работала, совмещала учебу. И это было достаточно тяжело.


Студенттерінің көбісі, оқу мен жұмысты қатар алып жүру уақыт талабы деп түсінеді. Өйткені мегаполистерде шәкіртақыға өмір сүру де қиын екенін айтты.

Жалпы, біздегі Жоғарғы оқу орындарындағы студенттер саны 600 мыңнан асады екен. Оның жартысынан көбі үш негізгі ірі қалаларда. Алматы оқу орындарының бойынша көш бастап тұр, мұнда 42 жоғары білім беру ұйымы бар. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы  (15 ЖОО) және Шымкент (8  ЖОО). Облыстар арасында Қарағанды (9  ЖОО) және Шығыс Қазақстан (7) орналасқан.

Жоғарғы оқу орындарына түсіп, бірақ аяқтамастан оқудан кетіп жатқандардың көбейгені әлеуметтанушыларды да алаңдатып отыр.

Рамазан САЛЫҚЖАНОВ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Біріншіден бұл үлкен деректер, ол бүгінгі де Қазақстанда оқып жатқан студенттердің шамамен 20- пайызын көтеретін көрсеткіштер.

Егер колледж оқитын студенттер қосылса, біраз ақылға сыйымды дерек. Былтыр бірнеше оқу орындары жабылды, сондағы бүкіл контигент оқудан шығарылды ма екен. Тым үлкен көрсеткіш бұл.

Білім және Ғылым министрлігінің дерегінше, студенттердің оқудан шығу жағдайларының жартысынан көбі, мамандық ауыстарғандар (30,7%). Сонымен қатар басқа жоғары оқу орындарына ауысу (20,4%) себептері бойынша орын алды. Кеткен студенттердің тағы 15,6% — ы оқуын өз қалауы бойынша, ал 13,1%-ы қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтаттыпты. 9,2% - ы үлгерімі нашар, 6,4% оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығарылды.

Дегенмен жауапты министрлік, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі келтірген деректерді жоққа шығарды. Ресми дерек 10 мыңнан астам студенттің оқудан шығарылғанын айтты.

Ә. Дүкембаева