Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Magnum сатып алушыларға 200 мың теңге сыйлады

AstanaTV
12.05.2022ж. 20:00
1396
Magnum сатып алушыларға 200 мың теңге сыйлады

Елордада  Magnum сауда желісінің екі жүзінші нүктесі ашылды.  Соған орай өткен мерекелік шарада  дүкенге келіп, сауда жасаған туған күн иелеріне Magnum 200 мың теңге сыйлады. Қаржылай сыйақы 7-8 мамырда туған күнін қарсы алған 10 тұтынушыға есепшотын төлеу үшін берілді.    

Жаңа дүкенге келушілерді Грэмми сыйлығының иегері, қазақстандық диджей Иманбек қарсы алды. Magnum мерекелік  шараны өзінің 15 жылдығына орай ұйымдастырған. Осы уақыт ішінде сауда белгісі ел нарығының алпауытына айналып,  еліміздің 12 қаласы мен көршілес Өзбекстан астанасында филиалдарын ашты. Компания басшылығы клиенттердің қолдауы мен сенімінің арқасында осындай жетістікке жеткендерін айтады. Сондықтан тұтынушыларға түрлі сыйлықтар жасауды ұйғарыпты.

Мария МУН, «MAGNUM» САУДА ЖЕЛІСІНІҢ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КЛИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жаңа нысанның басқаларынан айырмашылығы бұл жаңа визуалды, жаңғыртылған фирмалық стильде ашылған алғашқы гипермаркет. Біз дүкендегі навигацияны жаңарттық. Тауарлардың қажетті санаттарын, жеңілдікпен тауарларды іздеу ыңғайлы және оңтайландырылды. Мұнда барлығы ыңғайлы әрі қолжетімді бола түсті. Үлкен ассортимент пен тиімді жеңілдіктер бұрынғысынша сақталады.

Ел нарығында 15 жылдық тарихы бар Magnum гипермаркеті күніне 350 мыңға жуық тұтынушыға қызмет көрсетеді. Азық-түлік және басқа да тұрмысқа қажетті тауарлар ұсынатын сауда белгісі жаңа нүктені 15 мың түрлі ассортиментпен толықтырған. Олардың екі мыңы үшін үнемі жеңілдіктер болады.

БЛИЦ:

- Акциялар бар. Мерекеге орай тырысып жатыр. Жарайсыңдар!

- Ассортимент өте бай. Қалағаныңның барлығы бар.


Астана-Қарағанды тас жолында орналасқан жаңа Magnum мамыр айының соңына дейін  әрбір сатып алу үшін 5% кэшбек ұсынады. Сондай-ақ электросамокаттар, смартфондар мен ақылды динамиктер ойнатылады. Оған қатысу үшін 10 мыңнан астам теңгеге сауда жасау қажет.

Ә. Бердібеков