Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Референдумға кімдер қатыса алмайды?

AstanaTV
16.05.2022ж. 20:00
1026
Референдумға кімдер қатыса алмайды?

Референдум мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу дегенді білдіреді. Мұндай демократиялық институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Өткен ғасырдың соңғы жиырма жылдығында   кең өріс алды. Ал  елімізде референдум алғаш рет 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдаған еді. Содан бері де конституцияға төрт рет өзгеріс енгізілді.  Ал бұл жолғы  референдум -тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші референдум.

18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының барлығы ұлтына және нәсіліне қарамастан, референдумға қатыса алады. Екі санатқа кіретін адамдар ғана дауыс бере алмайды. Олар: сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғандар, бас бостандығынан айырылғандар.  

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әр Қазақстанның азаматы мұқият мына конституцияға енгізілген ұсыныстарға қарап шығып, өзінің жергілікті жағдайына, өзінің бір құқықбұзушылығына, өзінің бір адами болсын азаматтық құқықтарының толыққанды қорғалуына бір осы конституциялық өзгерістерді өзіне тікелей байланысты табады. Жаңа Қазақстан осы реформадан басталады. Конституциялық құқығымызды қорғауға, жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Күнтізбелік жоспар бойынша учаскелiк референдум комиссиялары саяси шараға кемінде он күн қалғанда азаматтарға дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарлайды. Референдум күні учаскелік референдум комиссия мүшесі дауыс берушінің жеке тұлғасын аныктағаннан кейін, тізім бойынша бюллетень беріледі. Республикалық референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұрақ қойылады: «Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба? Осы бір сауалға азаматтар "иә" немесе "жоқ" деген белгі арқылы дауыс беруі тиіс.  Еске салайық, жалпыхалықтық референдум маусымның 5-і күні өтеді.


Б. Сатуов