Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Референдумнан кейін не өзгереді?

AstanaTV
18.05.2022ж. 20:00
1296
Референдумнан кейін не өзгереді?

Елдің қарыштап дамуына, халықтың жақсы  өмір сүруіне Конституцияда кепілдік берілген. Референдум арқылы енгізілетін өзгерістер елдің болашағын айқындайды. Сондықтан бұл орайда әр адамның пікірі  маңызды. Қазір жер -жерде еліміз үшін саяси науқанды түсіндіру, Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді талқылау  жүріп жатыр. Ол туралы толығырақ   "Референдум Лайф" топтамасында айтылады.

Ар ма, қадірлі көрермен! Эфирде "Референдум Лайф", студияда мен Бекболат Сатуов!
 
Елордада зиялы қауым өкілдері ата заңға енгізілетін өзгерістер жайын талқылады. Мақсат маңызды қадам жасауда зор жауапкершілік таныту дейді,-ұйымдастырушылар. Жаңа Конс­титу­ция Жаңа Қазақстанға бастай­тын өзіндік жол болатынын айтады. Оны елдің әрбір азаматы терең ұғынуы керек деп біледі. Демократиялық қоғам қалыптастыруда халықтың ой-пікірі өте маңызды. Сондықтан әр адам өз болашағын өзі айқындауға құқылы.

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл жерде зиялы қауым өкілдеріне барлық осы 56 өзгеріс,33 бапта қандай өзгерістер халықтың өміріне әкелетіндігін түсіндіріп айту. Бұл енді халықтың күткен үлкен саяси қадамы және бұл саяси қадам нәтижесінен зор үміт күтіп отырмыз.


5 маусымға жоспарланған референдумға 11 миллион 722 мың адам қатысады. Орталық сайлау  комиссиясының ақпараты осындай. Жалпыхалықтық науқан күні 10 013 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның 9 468-і азаматтарды тіркеу орны бойынша жасақталады. Учаскелік референдум комиссиялары дауыс берілетін күннен кемінде 7 күн бұрын бюллетеньдермен қамтамасыз етіледі. Саяси шараға жастар да  біркісідей атсалысамыз деп отыр. "AMANAT" партиясы жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге  қатысушылар ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар барысын талқылап, өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жаңа Қазақстанды құруда неге мән беру керек деген сауал төңірегінде пікірталас өрбітті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көптеген сарапшылар түсіндіріп айтып жатыр, Біздің референдум билік тармақтары арасында күштерді теңдестіру мақсатында жасалынып жатқан референдум.

Б. Сатуов