Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

"Сайлаушылардың партияға сенімін нығайтатын нақты жобалармен айналысуды бастау керек", - Е.Қошанов

AstanaTV
19.05.2022ж. 20:00
962
"Сайлаушылардың партияға сенімін нығайтатын нақты жобалармен айналысуды бастау керек", - Е.Қошанов

Сайлаушылардың партияға сенімін нығайтатын нақты жобалармен айналысуды бастау керек. «AMANAT» партиясының Төрағасы, Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Семей қаласына жасаған жұмыс сапарында партия филиалына барып, партиялықтармен кездесті. Жиында Төраға Президент реформаларын халыққа түсіндіруде саяси ұйым мүшелері жұмыстың алдыңғы шебінде жүруге тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар партияның алдында ауқымды міндеттер тұрғанына тоқталды. Айтуынша, партия халықтың мүддесін қорғай отырып, өңірлердегі бірқатар мәселеге назар аудару тиіс.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "АMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Сайлаушылар тарапынан партияға деген сенімді нығайтатын нақты жобалармен айналысуды бастау керек. Бұл тұрғыда біз неғұрлым ұтқыр болуымыз тиіс. Сайлаушыларымыздың сұраныстарына жедел жауап беру партияның ең ірі және нақты саяси күші болып қала береді. Біз басқа партиялардың белсенділігі мен жоғары саяси бәсекелестіктің жаңа жағдайларында жұмыс істеуге дайын болуға тиіспіз. Егер "АMANAT" партиясы адамдар үшін жұмыс істейтінін күн сайын халыққа дәлелдей алмасақ, біздің барлық ресурсымыз көмектеспейді.

Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы халықтың мүддесін қорғайтын партия екенін баса айтты. Сондай-ақ өңірлердегі бірқатар мәселеге назар аударды. Соның бірі - меншік иелері бірлестігі проблемасы. Төрағаның айтуынша, көптеген қалада бірлестікті енгізу барысында қиындықтар туындап, тұрғындардың көңілі толмай отыр. Партия жергілікті әкімдіктермен бірге осы жұмысқа белсене араласуы керек. Бастама көтеріп, проблеманың шешілу жолдарын ұсынулары тиіс, деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "АMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қай аймақта болмасын өзіндік ерекшеліктері мен проблемалары. Көп жерде жайылым мәселесінің өзектілігі артып отыр. Біз осыған белсене кірісуіміз керек. Мәжіліс депутаттары бұл жұмысты бастап кетті. Енді жергілікті филиалдарымыз да осыны шешуге араласқаны жөн.

А. Данияр