Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Конституциялық референдум нағыз демократияға жеткізеді», - Т.Қаудыров

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
903
«Конституциялық референдум нағыз демократияға жеткізеді», - Т.Қаудыров

Тәуелсіз Қазақстанның 1993-ші жылы алғашқы Конституциясын құрастырған жұмыс тобының мүшелері, студент жастармен кездесті. Кездесуде ғалымдар тарихи кезеңдер мен заңнама арасындағы сабақтастыққа кеңінен тоқталды. Заң ғылымдарының докторы Төлеш Қаудыровтың пікірінше, тұңғыш конституция буржуазиялық мемлекеттер арасындағы демократияға негізделген ең үздік нұсқа болған. Референдумға ұсынылып отырған жаңа өзгерістер бастапқы құжаттың мақсатына қайта оралу деп санайды. Яғни, билік тармақтарының тепе-теңдігі сақталмақ.

Төлеш ҚАУДЫРОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Осы конституциялық процесс түбінде нағыз демократиялық елдің конституциясына жетеміз деген мақсат бар ма деп ойлаймын. Бірақ бірінші қадам деп саналуға  жеткілікті шаралар басталып жатыр деп ойлаймын.

Конституциялық реформаларды талқылау бойынша еліміздің жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы өкілдері Еуразия Ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Профессор Жамаладин Ибрагимовтің айтуынша, алдағы науқан Жаңа Қазақстанды құратын мүмкіндік.

Жамаладин ИБРАГИМОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:

Біздің мемлекетімізде республикалық референдум 2 рет өткізілді. Ал халықаралық тәжірибені алып қарасақ оларда жиі өткізеді. Референдумнің түрлері өте көп. Еуропа елдері кейбір елдерде мемлекеттің түйіткіл мәселелерінде шығара береді. Сондықтан менің айтқым келіп тұрғаны әрбір азамат бұл референдумға түсіністікпен қарау керек.

А. Съезбек