Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Референдумге қатысу - әр адамның азаматтық борышы

AstanaTV
20.05.2022ж. 20:00
867
Референдумге қатысу - әр адамның азаматтық борышы

Конституциялық реформа  саяси жүйенің мәнін өзгертеді және билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады.  Әкімдердің жауапкершілігін арттырады. Референдум өткізудің мән-маңызын бүгін «Sarap» сарапшылар клубының мүшелері Түркістанда өткен «Конституциялық референдум: қоғам дамуының болашағы» атты басқосуда айтты. Қоғамдық қолдау республикалық штабының қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты»  ұйымдастырған іс-шараға қатысушылар  Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның рөлін кеңінен талқылады. Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына енгізілетін өзгерістер мен 20-дан астам қабылданатын заңдар еліміздің ауқымды саяси трансформациясына бағытталған.  Бұл саяси жүйені түбірімен өзгертеді дейді сарапшылар.

Аян САКОШЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Көптеген мәселелер бірнеше жыл қатарынан шешілмей келеді. Осындай мәселелер шет қалып, басқа мәселелерге көңіл аударып жатады, яғни осындай жұмыстарды шешу бағытында ең бірінші жергілікті қоғамның және халықтың пікірін ескеріп отыру керек. Бұл өзгерістер осы жұмыстың негізгі заңнамалық базасын бекітетін болады.


А. Төребекқызы