Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Полиция микрочип үшін паспортын жыртқан азаматтың ісін еріккеннің ермегі деп мәлімдеді

AstanaTV
23.05.2022ж. 20:00
1241
Полиция микрочип үшін паспортын жыртқан азаматтың ісін еріккеннің ермегі деп мәлімдеді

Төлқұжатынан микрочип іздеп, мұқабасын жыртқандардың жазасы қандай? Жуырда ғана Қазақстан паспортының ішіне жасырылған чип туралы видео тараған болатын. Онда азамат осы чип арқылы құжат иесін бақылауға болатынын айтады. Осыдан соң төлқұжаттан жыртқандар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, желіде трендке айналды.

Алайда көші-қон қызметі мұндай әрекеттің негізсіз екендігін айтып, халықты сабырға шақырды. Өйткені төлқұжатта чиптің болуы халықаралық стандарт негізінде жасалған. Паспорттағы микросхемада Қазақстан азаматының жеке деректері көрсетілген әрі бұл шекарадан өтуді жеңілдетеді деді. Мұндай үлгідегі заманауи құжаттар 2009-жылдан бері беріліп келеді. Бүгінде мокрочипті құжатты АҚШ, Еуропа мен Азия мемлекеттері пайдаланып жүр.  

Дулат МАЛАЕВ, БҚО ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Паспорттың беттері жыртылған жағдайда ол енді бақылау-өткізу пунктінен өткен жағдайда электронды оқылмайды. Жарамсыз боп қалған жағдайда оған әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Инстаграм желісінде жүрген видеороликке қарап, паспорттарыңызды жыртпауыңызды сұраймыз. Әрбір азамат паспортына мұқият болуы керек. Бұлай етіп жырту - баланың ермегі.

Е. Карин