Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда 7 адам белгісіз заттан уланып қайтыс болды

AstanaTV
30.05.2022ж. 20:00
1050
Павлодарда 7 адам белгісіз заттан уланып қайтыс болды

Павлодарда 7  адам белгісіз заттан уланып, қайтыс болды. Оқиға Ертіс ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, олар  ыдысқа құйылған сұйықтықты ішкен. Әзірге оның не екені белгісіз.  Сараптама жасалып жатыр, нәтижесі   10 күн ішінде жария етілмек.  

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Заңсыз спирт, арақ, шарап сататын орын жоқ. Ал енді мына сұйықты ішкенде, сұйықты бір жерден алып келген. Бір-бірімен ішіп сонымен уланған. Сол бүкіл ыдыстар анықталып, қазір сараптамаға жіберілді.
 
Қайтыс болғандардың үлкені -67-де, кішісі- 32 жаста. Арасында  әкелі балалы бір үйдің адамдары да бар. Мамандар уланған 3 адамның мәйітін өз үйлерінен тапқан. Ал қалған төртеуі ауруханада  көз жұмды.

Айдар СЕЙІТҚАЗИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Ауруханаға жеткізілгенде ес-түстерін білмеді. Қол аяқтары, тартылып, денелері сіресіп қалған. Соған қарағанда орталық нерв жүйесі зақымданғанға ұқсайды. Одан кейін жүрек пен өкпе жұмысын  тоқтата бастады. Біз барынша көмек жасауға әрекет қылдық бірақ нәтиже болмады.

Ө. Қуанар