Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Референдумды өтті деп есептеуге болады", - Н.Әбдіров

AstanaTV
06.06.2022ж. 20:00
1000
"Референдумды өтті деп есептеуге болады", - Н.Әбдіров

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Референдумға дауыс беруге құқылы азаматтардың 68% - нен астамы қатысқан.  Оның 77% - тен астамы түзетулерді қолдаса, 18%-і қарсы көзқарас білдірген. Бюллетеньдердің шамамен 1,5% - де жауаптың екі нұсқасы да белгіленген. Олар жарамды деп танылған, бірақ дауыс санауда қосылмайды.  Ал бюллетеньнің 2 жарым проценті жарамсыз болып шықты.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 986 мың 293 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,06% - ын құрады. Осылайша, референдумды өтті деп санауға болады.

Ә. Бердібеков