Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шетелдік сарапшы: "Референдум ашық және әділ өтті"

AstanaTV
06.06.2022ж. 20:00
1111
Шетелдік сарапшы: "Референдум ашық және әділ өтті"

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Референдум жоғары   деңгейде өтті. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бақылаушылары мәлімдеді. Дауыс беру барысында тәртіп бұзушылық болған жоқ. Барлығы тыныш, әрі достық жағдайда өтті дейді.

Леонид АНФИМОВ, ТМД БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ұлттық және халықаралық бақылаушылар дауыс беру процесін бақылау үшін қажетті жағдайлар жасады. Дауыстарды санау рәсімі референдум туралы Заңға сәйкес өтті.


Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары мүгедектігі бар азаматтар үшін жасалған жағдайды жоғары бағалады. Реджеп Шекер референдум Конституцияның барлық талаптарына сай объективті, ашық және әділ өткенін атап өтті.  

Реджеп ШЕКЕР, ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз учаскелердің ашылуын, дауыс беруді, сондай-ақ дауыстарды санау барысын бақыладық. Қазақстан маңызды реформалар жүргізуде. Конституцияға енгізілетін бұл өзгерістер мен толықтырулар, менің ойымша, бүкіл республиканың игілігі үшін және   халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Ә. Дүкембаева