Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Референдумдағы жоғарғы белсенділік халықтың жан-жақты құлағдарлығын көрсетеді", - шетелдік бақылаушы

AstanaTV
07.06.2022ж. 20:00
1147
"Референдумдағы жоғарғы белсенділік халықтың жан-жақты құлағдарлығын көрсетеді", - шетелдік бақылаушы

Референдумдағы жоғарғы белсенділік халықтың жан-жақты құлағдарлығын көрсетеді. ТМД Бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов осылай дейді. Оның сөзінше, бақылаушылар аралаған  учаскелердің ешқайсысы  бос болмаған. Бұл азаматтардың ел ертеңіне алаңдаушылық білдіріп, өз дауысының маңыздылығын түйсінгендігі деп біледі.

Леонид АНФИМОВ, ТМД БАҚЫЛАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Азаматтар саналы түрде учаскелерге барып, не үшін дауыс беретіндерін және қандай жауап нұсқасын таңдайтындарын анық білді. Менің ойымша, бұл- өз болашағыңды таңдау деген сөз. Мен тілдескен адамдар Конституцияға түзетулер енгізуді қолдайтын, сол  үшін дауыс беруге ниетті болды. Бұл халық пен биліктің бірлігі бекем екендігінен хабар береді. Әрі өзара сенімнің жоғары элементі ретінде қарастыруға болады.

А. Съезбек