Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Референдум - Қазақстан саясатының драйвері, – Эдуард Полетаев

AstanaTV
08.06.2022ж. 20:00
1103
Референдум - Қазақстан саясатының драйвері, – Эдуард Полетаев

Референдум - Қазақстан саясатының драйвері. Бұл туралы саясаттанушы Эдуард Полетаев мәлімдеді. Оның айтуынша,  бұл істе «Amanat» партиясының рөлі орасан. Өйткені осы бастаманы қолдау үшін республикалық партиялық штаб құрылып, Парламент депутаттары аймақтарды аралады. Елмен кездесті, мәселелеріне құлақ түрді. Бұқарамен осындай қатынасты жолға қойған «Amanat» партиясының жетекшісі Ерлан Қошанов пен партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың рөлі ерек. «Amanat» партиясы бұл жолы жаңаша ойлаудың үлгісін көрсетті. Өзгерістерден именбеген партия ел азаматтарымен тең дәрежеде диалог орната білді. Тіпті заманауи технологияның жетістіктерін де оңымен пайдаланды, дейді сарапшы.

Эдуард ПОЛЕТАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

«Amanat» жұмысына қарап отырып, кәсібилену тренді байқалды. Өйткені партия қызметі мен референдум өзара астасып жатты. Мұндағы мақсат әлеуметтік теңдікті ту еткен барлық қазақстандықтың мұң-мұқтажына құлақ түру болатын. Партия осы міндетті зор абыроймен атқара алды деп айта аламын.

Е. Карин