Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«AMANAT» ребрендинг бойынша нәтижелі жұмыс атқарды», - саясаттанушы Ж.Ысқақова

AstanaTV
09.06.2022ж. 20:00
1475
«AMANAT» ребрендинг бойынша нәтижелі жұмыс атқарды», - саясаттанушы Ж.Ысқақова

Ребрендингтен референдумға дейін «AMANAT» партиясы іргелі өзгерістерді бастан кешті. Соның ішінде Конституциялық реформа партия үшін басты индикатордың бірі болды», - деп санайды саясаттанушы Жұлдызай Ысқақова. Бұлай дейтіні партия науқанды қолдау мақсатында республикалық және 218 өңірлік штаб құрған. Ал олар өз кезегінде 750 мыңнан астам адаммен кездесу өткізген. Жұлдызай Ысқақова референдумның нәтижесіне қарап, аманаттықтардың жұмысы өз жемісін берді деуге болады деп топшылады. Сарапшы әлеуметтік желіде соңғы 5 айда аманаттықтар атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен тоқталып, баға берді. Оның пікірінше, саяси ұйым қайта жаңғыру процессінде ұтымды нәтижеге қол жеткізді. Әрі келесі сайлауға дайындықты ескере отырып, бұл беталысын бәсеңдетпейді деген болжам жасады.

Жұлдызай ЫСҚАҚОВА, САЯСАТТАНУШЫ:

Қаңтарда партияның Саяси Бюросы мен саяси кеңесінің құрамы жаңартылды. Ақпанда төрағаның орынбасары лауазымын екі рет атқарған Бауыржан Байбек қызметінен кетті. Орнына 32 жастағы Асхат Оралов Атқарушы хатшы болып тағайындалды. Наурызда «Nur Otan» «AMANAT»- қа айналды. Партия хатшылары ауысып, "TALQYLAU" диалог алаңы іске қосылды. Сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT»-тың төрғағалығынан бас тартып, партиядан шықты. Adal «AMANAT»-тың құрамына кірді. Партияның баспасөз орталығы іске қосылды. Жалпы ребрендинг бойынша нәтижелі жұмыс атқарылды.

А. Съезбек