Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда шалғын көбелегі құртының қаупі сейілді

AstanaTV
13.06.2022ж. 20:30
1762
Атырауда шалғын көбелегі құртының қаупі сейілді

Атырау облысында шалғын көбелегі құртының қаупі сейілді. Зиянкес жәндік кең таралған аудандарды облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев аралап, осындай мәлімдеме жасады. Дегенмен құрт қайтадан дернәсіл салып, бір жарым айдан кейін бой көрсетуі мүмкін деп отыр. Оған дайын болуымыз керек, - дейді жауаптылар.

Шалғын көбелегі құрты  Жанболат Бисекеновтің 28 гектар жерді алып жатқан шаруашылығын шатқаяқтатып жіберді. Зиянкес қарбыздың 50, қауынның 20 пайызын жеп кеткен. Егінші бақша дақылдарын қайтадан отырғызып жатыр. Ал картопты егуге тым кеш,- дейді ол.

Жанболат БИСЕКЕНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Атызбен обородты қоршап, ішіне  су құйып ұстап отырмыз. У шашқаннан дизенфекция жасап жатырмыз. Бірақ  артында миллиондап келгесін ол уға, былайша айтқанда, көнбей жатыр. Қиындау болып жатыр уға көнуі.Шығын көп. Есептесем уайымдаймын қазір. Үкіметтен көмек келгенше өзім улап  жатырмын қолымнан келгенше.


Аймақ әкімінің ауыл шаруашылығына жауапты орынбасары Қайрат Нұрлыбаев бастаған сала мамандары, 20 мың гектар жерге мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 7 500 гектар жер өңдеуді қажет ететінін анықтаған. Қазірдің өзінде 4 500 гектар егін алқабына улау жұмыстары жүргізілді. 800 гектар жерге шаруашылық өз күшімен дәрі шашса, қалғаны жергілікті бюджеттен және демеушіліктің қолдауымен жүзеге асырылыпған.

Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда қауіп сейілді. Себебі біздің өңдеу жүргізген жұмыстар өз нәтижесін берді. Құрттық көбелекке айналуы, одан қайтадан өз личикасын  салу деген 1 ай, 1,5 айдан  кейін қайталануы мүмкін. Біз бірақ оның бәрін тиісті мекемелер арқылы бақылауда ұстап отырамыз деп есептеймін.

Қазір зиянкес көп тараған Индер ауданында жұмыс толығымен аяқталған. Ал Махамбет ауданында бірер күнде бітеді,- деп отыр. Мамандардың айтуынша,  жергілікті шаруалар соңғы 30 жылда бұл зиянкестен зардап шекпеген. Енді онымен күресті жергілікті бюджетпен қаржыландыру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы зиянкес жәндіктер тізбеге қосу  жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Б. Надірқызы