Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Асхат Оралов дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

AstanaTV
20.06.2022ж. 20:00
974
Асхат Оралов дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қазақстандық дәрігерлерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. «Адам жанының арашашысы – дәрігерлер барлық уақытта үлкен абыройға ие, қандай құрметке де лайық.  Дертке дәру, жүрекке жылу сыйлаған, әрбір науқастың өмірі мен саулығы үшін жан аямай арпалысқан абзал жандарға айтар алғысымыз шексіз»,– деді ол. Сондай-ақ, Атқарушы хатшы отандық денсаулық сақтау саласы ардагерлерінің үйіне барды.  «AMANAT» партиясы Денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі. Сайлауалды уәделерді іске асыру аясында дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға ұлғайтылды. Өткен жылы медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда, тар шеңберлі мамандарды даярлауға 4,6 мыңнан астам грант бөлінді. Еліміз бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 30 нысан ашылды. Ал мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және квоталарды ұлғайту есебінен халыққа шамамен 1 млн. қымбат тұратын медициналық қызмет көрсетілді. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есеге арттыру, ал денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемін барлық көздерден ішкі және жалпы өнімнің  5%-ына дейін жеткізу жоспарлануда.

Ә. Дүкембаева