Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

AstanaTV
04.07.2022ж. 20:00
1432
Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Жантүршігерлік жағдайды бүгін таңғы сағат 7:30 шамасында жергілікті тұрғын көрген. Оның айтуынша, баланың денесі қоқыс жәшігінің жанында ақ матаға оралған күйінде жатқан.  Хабарлама түсісімен,  жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге жеткен. Қазір полицейлер жаңа туған нәрестенің анасы мен басқа да куәгерлердің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған факт дереу Талдықорған қаласының полиция басқармасында ҚР Қылмыстық Кодексінің 100-бабы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

М. Жақан