Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Теміртауда 5 қабатты тұрғын үйде орталықтандырылған газ құбыры жарылды

AstanaTV
16.08.2022ж. 20:00
1890
Теміртауда 5 қабатты тұрғын үйде орталықтандырылған газ құбыры жарылды

Теміртау қаласында 5 қабатты тұрғын үйде орталықтандырылған газ құбыры жарылып, 4 адам жарақаттанды. Бүгін түсте үйдің 3- інші қабатындағы пәтерде кенет газ- ауа қоспасы тұтанып, жарылған. Салдарынан алдымен бөлме аралық қалқалар мен қабырғалар, кейін жабын плиталары құлады. Алдын ала болжам бойынша,  үш пәтер бүлінген. Бұдан басқа 12 пәтердің кіре беріс есіктері мен терезелері сынған. Пәтер иесі бас жарақатымен Теміртау қалалық ауруханасына жатқызылды. Тағы 3 тұрғын дәрігерлердің бақылауында. 53 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 7- еуі бала. Оқиғаға қатысты    сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұрмұхамед ИНТУЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ:
 
Құтқару күштері келген соң 5 қабатты үйдің екінші подъезінде газ- ауа қоспасының тұтанғаны анықталды. Бөлмеаралық қабырғалар мен 2 ,3,4 - інші қабаттарда пәтер аралық қабырғалар құлаған. Қазіргі таңда жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметінің көмегімен үйінділер аршылып жатыр.

А. Қуаш