Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілген кітап шықты

AstanaTV
17.08.2022ж. 20:00
1650
Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілген кітап шықты

Конституцияға енгізілген өзгерістерді түсіндіретін кітап жарыққа шықты.  Онда әрбір бапқа қарапайым тілмен түсіндірме берілген. "Бұл өте маңызды, әрбір адам Конституцияны білуі керек"  дейді авторлар.  Авторлық топ нұсқаулықты шығарарда нені басты назарға алды? Әріптесім Ақбота Базарбай жалғастырады.

Республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме жасау қазір өте өзекті. Себебі, заңды кез-келген адам түсіне бермейді. Нұсқаулықта әр бап қысқа, түсінікті тілмен жазылған.   

Ермек АБДРАСУЛОВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Осы кітаптың мақсаты ол түсіндірме беру. Өйткені конституцияның баптары өте қысқа жазылады. Оны заңгерлердің өздері бірден түсініп кетпейді. Сол үшін халыққа, мемлекеттік орган қызметкерлеріне, шенеуніктер бәрі бірден қарау керек.
 
Туынды Ұлттық академиялық кітапхананың сайтында орналастырылған. Заңға қызығушылық танытқан әрбір адам оны оқып, таныса алады.  

Индира ӘУБӘКІРОВА, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Бірінші мақсат - Мемлекет басшысының идеясын, құқықтық нормаларға енгізілген жұмыс тобының идеясын түсіндіру қажет болды. Екінші мақсат - бұл еліміздің Ата заңына  енгізілген жаңашылдықтарды халыққа түсіндіру.

Кітап авторлары референдумнан кейін халықтың көкейінде қалған сұрақтарға жауап іздеген. Айтуларынша кітап оқырман арасында алуан пікір тудырады. Сондықтан олар  түсіндірме нұсқаулықты талқылаусыз берген дұрыс деп шешкен. Құқық саласында беделі бар рецензенттер де олардың ұстанымымен келісті. Тілек-пікірлерді электронды поштаға жазуға болады дейді авторлар.

А. Базарбай